АҚШ
-
Еуропа алаңдаулы: Трамп Украинадағы бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін бе?
Еуропалық шенеуніктер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығына байланысты шыдамын жоғалтып, бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін деп алаңдаулы.
11.12.2025
-
Әлемде: Жапониядағы табиғат апаты, Таиланд-Камбоджа қақтығысы, АҚШ-Латын Америка текетіресі
Әлемде соңғы тәулікте Жапонияда күшті жер сілкінісі, Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыс, АҚШ пен Украинадағы саяси мәлімдемелер және экологиялық дағдарыс талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне соққы жасайды
АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне қарсы қысымды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Әлемде: Таиланд-Камбоджа қақтығысы, Жапониядағы жер сілкінісі, Украинаның бейбіт келісімі
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
09.12.2025
-
Гавайидегі Килауэа жанартауы оянды
Гавайидегі Килауэа жанартауы атқылауының жаңа кезеңіне аяқ басып, аспанға лава субұрқақтарын атқылап жатыр. Қазіргі уақытта белсенділік тек Гавайи жанартаулары ұлттық саябағында ғана, деп хабарлайды BAQ.KZ Euonews-ке сілтеме жасап.
08.12.2025
-
АҚШ Латын Америкасында наркокартельдерге әуе соққыcын жасады
АҚШ Қарулы күштері таяу уақытта Латын Америкасындағы жерүсті нысандарына әуе соққыларын жасауды қолға алады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департаменттегі салтанатты қабылдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
07.12.2025
-
Аляска маңында қуатты жер сілкінісі болды
АҚШ пен Канада шекарасына жақын, алыс аймақта магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.12.2025
-
АҚШ Италияға 100 ұзақ қашықтыққа арналған зымыран сатуды мақұлдады
АҚШ Мемлекеттік департаменті Италияға құны 301 млн доллар болатын AGM‑158B/B‑2 JASSM‑ER үлгісіндегі 100 дана әуе–жер класты зымыран сату туралы шешімді мақұлдады.
07.12.2025
-
Зеленский Кушнер мен Уиткоффпен телефон арқылы сөйлесті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнермен телефон арқылы ұзақ әрі мазмұнды әңгіме жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
07.12.2025
-
АҚШ-та туған балаларға азаматтық беру құқығы қайта қаралады
АҚШ Жоғарғы соты туған жері бойынша азаматтық алуды шектеуді көздейтін Дональд Трамптың жарлығының заңдылығына қатысты шешім қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
06.12.2025
-
Киев пен Вашингтонның жаңа келіссөзі: Ресейге қандай талап қойылады
Украина тарапына Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы Рустем Умеров пен Украина Қарулы күштері бас штабының бастығы, генерал Андрей Гнатов жетекшілік еткен делегация соңғы екі аптада алтыншы рет АҚШ өкілдері Стивен Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2025
-
Америка Құрама Штаттары жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады, онда Еуропа құлдырау үстіндегі құрлық ретінде сипатталады және еуропалық елдердің миграция салдарынан "өркениет бетінен жойылып кету қаупі" бар екендігі туралы ескертіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
06.12.2025
-
G20-ның беделі төмендеді: геосаяси текетірес саммитке қалай әсер етті
Оңтүстік Африка Республикасында өткен G20 саммитіне Владимир Путин, Дональд Трамп және Си Цзиньпиннің қатыспауы бұл форматтың қазіргі геосаяси жағдайда қаншалықты өзекті екеніне қатысты сұрақтарды күшейтті. Әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысы тереңдеп, көпжақты дипломатияның маңызы әлсіреп тұрған тұста G20 бұрынғыдай ықпалды алаң бола алмай отыр. BAQ.KZ тілшісі G20 саммитінің рөлі мен ықпалы туралы халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Таир Нигмановтан сұрап көрді.
05.12.2025
-
Әлемде: Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі, Руанда мен Конго татуласты
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
05.12.2025
-
Вэнс: Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жақын арада жақсы жаңалық болуы мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Америка әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бағытында «айтарлықтай прогреске» қол жеткізгенін мәлімдеп, жақын апталарда бұл мәселе бойынша оң жаңалықтар болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Трамп Газа жоспарының екінші кезеңін жарияламақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторына арналған жоспарының екінші кезеңін 25 желтоқсанға дейін таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios порталына сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Әлемдік инфляция және орталық банктердің қатаң саясаты: экономист талдауы
Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Мелания Трамп пен Илон Маск АҚШ азаматтығынан айырылуы мүмкін
АҚШ-тың республикашыл сенаторы Берни Мореноның қос азаматтыққа тыйым салу туралы заң жобасы бірқатар америкалық атақты адамдарға әсер етуі мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ Newsweek журналына сілтеме жасай отырып.
04.12.2025
-
Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ-тың кейбір ұсыныстарын қабылдады – БАҚ
Кремль президент Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған кейбір АҚШ ұсыныстарын қабылдағанын және басқаларын қабылдамағанын, бірақ Ресей келісімге келу үшін америкалық келіссөз жүргізушілермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ батыс және ресейлік БАҚ жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
04.12.2025
-
АҚШ 19 елден келген иммиграциялық өтініштерді қарауды тоқтатты
Трамп әкімшілігі "жоғары тәуекел" санатына жатқызылған 19 елдің азаматтары берген барлық баспана беру туралы өтініштер мен иммиграциялық көмек туралы өтініштерді тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып.
04.12.2025