АҚШ
-
АҚШ бірден 66 халықаралық ұйымнан шығып жатыр
Америка Құрама Штаттары халықаралық аренадағы бағытын күрт өзгертуде: ел әскери бюджетін бір уақытта арттыра отырып, ондаған ұйымдардан шығып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Венесуэлада АҚШ операциясы кезінде 100 адам қаза тауып, Мадуро мен әйелі жарақат алды
Венесуэланың ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо АҚШ жүргізген операция салдарынан 100 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Иран: Қазір АҚШ саясатына байланысты келіссөз жүргізу мүмкін емес
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Эракчи АҚШ-пен келіссөздер процесіне қатысты пікір білдіріп, қазіргі жағдайда Вашингтонның ұстанымына байланысты келіссөз жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығады: Трамп меморандумға қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп ел мүддесіне сай келмейді деп танылған 66 халықаралық ұйымнан шығу туралы президенттік меморандумға қол қойды. Бұл туралы 7 қаңтар күні Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
"Біз сатылмаймыз": Гренландия халқы Трамптың мәлімдемесіне алаңдаулы
Гренландия тұрғындары АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің аралды сатып алу немесе бақылауға алу жөніндегі мәлімдемелеріне алаңдаушылық білдіруде. Жергілікті халық мұндай риториканы өз аумағына төнген қауіп ретінде қабылдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
08.01.2026
-
АҚШ Венесуэланың мұнай экспортын бақылауға алады
АҚШ Венесуэладан мұнай жеткізуді қайта бастайды, алайда оның экспортын толық бақылауда ұстайды. Бұл туралы АҚШ энергетика министрі Крис Райт 7 қаңтарда өткен энергетикалық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Зеленский Трамппен жаңа кездесу арқылы бейбіт келіссөзді жылдамдатпақ
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен жаңа кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл кездесу Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға бағытталған келіссөздер аясында ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
08.01.2026
-
АҚШ Кариб теңізінде екі мұнай танкерін басып алды
АҚШ Жағалау күзеті «мұқият үйлестірілген» арнайы операция барысында «елес флотына» тиесілі екі мұнай танкерін басып алды. Бұл туралы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Колумбия өз егемендігін әскери жолмен қорғауға дайын екенін мәлімдеді
Колумбия АҚШ тарапынан ықтимал шабуыл болған жағдайда өз егемендігін әскери құралдармен қорғауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.01.2026
-
БАҚ: АҚШ Гренландияны cатып алғысы келіп отыр
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гренландияны басып алуды емес, оны сатып алуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.01.2026
-
АҚШ қарулы күштері Гренландияға талап қоюы мүмкін – Ақ үй
Ақ үй Гренландияны иемдену АҚШ-тың "ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының" бірі екенін мәлімдеп, бұл мақсатқа жету үшін АҚШ Қарулы күштерін пайдалану мүмкіндігі де қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
07.01.2026
-
Венесуэладан кейін кімдер кезекте? Трамп көз тіккен бес ел
АҚШ-та Дональд Трамп президенттігінің екінші мерзімі оның сыртқы саясаттағы қатаң әрі агрессивті ұстанымымен ерекшеленіп отыр. Венесуэладағы түнгі операциядан кейін Трамп Вашингтон ықпалындағы бірқатар елге ашық ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
06.01.2026
-
Венесуэладағы саяси дағдарыс: Алда не күтіп тұр?
3 қаңтарда АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны тұтқындады. Ол АҚШ-қа жеткізілгеннен кейін Мадуро мен оның жұбайына «наркотерроризм» айыбы тағылды. Осыдан соң елдің уақытша басшысы ретінде Делси Родригес тағайындалды. Венесуэла саяси дағдарыстың жаңа кезеңіне өтті: бұрынғы көшбасшы биліктен кеткенімен, басқару жүйесі жұмысын тоқтатпаған. Енді басты сұрақ – елді шын мәнінде кім басқара алады және Венесуэланың саяси картасы қалай өзгереді? Бұл мәселелерді BAQ.KZ тілшісі саясаттанушылармен бірге талдады.
06.01.2026
-
Әлемде: Мадуро соты, Ирандағы наразылық және АҚШ-тағы вакцина мәселесі
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
06.01.2026
-
АҚШ-та балаларға міндетті вакциналар саны азайды
АҚШ-та балаларға арналған иммундау жөніндегі ұлттық ұсынымдар қайта қаралды. Нәтижесінде Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) балаларға міндетті түрде ұсынатын вакциналар саны 17-ден 11-ге қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
06.01.2026
-
АҚШ баж салығынан 600 млрд доллардан астам пайда тапты – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың баж салығынан 600 миллиард доллардан астам пайда тапқанын және бұл көрсеткіштің алдағы уақытта өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.01.2026
-
БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ Венесуэлада халықаралық құқықты бұзды
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш 5 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
06.01.2026
-
"Мен әлі де Венесуэла президентімін": Мадуро сотта мәлімдеме жасады
Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес Нью-Йорктегі федералды сотта өздеріне тағылған барлық айыптар бойынша кінәсін мойындамады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
06.01.2026
-
Трамп: АҚШ Венесуэланы бақылауда ұстап отыр
Қазіргі таңда Америка Құрама Штаттары Венесуэланы іс жүзінде басқарып отыр. Бұл туралы журналистерге АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Кубада АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әрекеттеріне қарсы жаппай наразылық өтті
АҚШ-тың Венесуэлада жасаған шабуылынан және ел президенті Николас Мадуроның ұсталуынан кейін Кубаның астанасы Гаванада жаппай наразылық акциясы өтті. Шеру жұмысына он мыңдаған адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026