ақпарат
-
Нұр-Сұлтанда биыл 15 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елордада 15 мектеп салынады, осылайша 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.
30.06.2021
-
Пештің жанында байланып отырмайды. Көлгінов газдандыру туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
30.06.2021
-
Вакцина КВИ-мен ауырғандарда иммундық жауапты 50 есе күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай деректі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман алға тартты. Оның айтуынша, індеттен айығып тұрған адам вакцина салдырса, екпе оны әсіресе, дельта штамнан 10, тіпті, 50 есеге дейін қорғауға қабілетті.
30.06.2021
-
Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі бағдарлама бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан делегациясы Премьер-министрдің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының басқару отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.
30.06.2021
-
Эпидемиолог: Әр жаңа мутациямен ауру ағымының өзгеруі алаңдатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚДСЖМ эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев айтты. Оның айтуынша, әр жаңа мутациямен вирустың күшеюі орын алып, аурудың ағымы да өзгеретін көрінеді.
30.06.2021
-
Вирус жаңа ортада өміршеңдігін ұзарту үшін мутацияланып жатыр – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.
30.06.2021
-
Мәжілістің құрамын 70 пайызға жаңартып алдық – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Мәжілістің құрамы қаңтардағы сайлаудан кейін 70 пайызға жаңарғанын атап өтті.
30.06.2021
-
КВИ-ге шалдыққан 600-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева хабарлады. Әлемдік статистикаға сүйенсек, жер шарында індет басталғалы 182 млн адам вирус жұқтырып, оның ішінде 3,9 млн адам қайтыс болған.
30.06.2021
-
Сайланған ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыратын бағдарлама әзірледік – Ерлан Әбіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіні белгілі. Осы орайда сайланған ауыл әкімдерінің жеке және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлім етті.
30.06.2021
-
COVID-19. 103 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 маусымдағы ақпаратты жариялады.
30.06.2021
-
Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
30.06.2021
-
Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
30.06.2021
-
Египет барлық санитарлық шектеуді алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысыр елі қалыпты тұрмысқа көшті. Бүгіннен бастап елде қатаң шектеулер алынды.
30.06.2021
-
ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық ПД көші-қон қызметі.
30.06.2021
-
Нұр-Сұлтанда бензин құйылған цистерналар рельстен шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада бензин құйылған 4 цистерна рельстен шығып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
29.06.2021
-
Елорданың төрт ауданында аулалар абаттандырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2020 жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды, бұл 76 гектардан астам аумақты құрайды. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді. Қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін аулалар мен орындар қалай анықталатыны туралы аудандық әкімдіктерде айтылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
29.06.2021
-
Ауа райы: ТЖМ ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірқатар өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді.
29.06.2021
-
Сауд Арабиясында әйелдерге ер азаматтарсыз тұруға рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясында жалғызбасты әйелдерде қамқоршы ерлерсіз, жеке өмір сүруге рұқсат етілді. Заңға енгізілген бұл түзету тұрмысқа шықпаған, ажырасып кеткен және жесір әйелдерге қатысты деп жазады mignews.com.
29.06.2021
-
Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында 20 iPhone-12 ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада вакцинацияланғандар саны өткен апталармен салыстырғанда бес еседен аса өсті. Осылайша, вакцинацияланғандардың саны тәулігіне 7 мыңнан асып жығылады. Бүгінге дейін барлығы 218 мыңға жуық адам екпенің алғашқы компонентін алды.
29.06.2021
-
Түркістан полицейлері 1,2 млн теңгенің тұрмыстық техникаларын жымқырған күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің тұрмыстық техникалар сататын дүкеніне белгісіз біреулер түнгі уақытта кіріп, 3 тоңазытқыш және 5 кір жуғыш машинасын жымқырып кеткенін көрсеткен деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
29.06.2021