ақпарат
-
БҒМ студенттерді арандатушылық пен заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі студенттерді арандатушылықтар мен заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды.
06.01.2022
-
Сенаторлар: Елімізді одан әрі дамыту үшін тұрақтылық керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері елімізде болып жатқан оқиғалар барша қазақстандықты толғандырып отыр. Сенат депутаттары осыған байланысты арандатуға ұрынбай ақылмен шешім қабылдау туралы Президенттің үндеуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
06.01.2022
-
Шыңғыс Әрінов Қазақстан Президентінің Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
06.01.2022
-
Берік Құнанбаев ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берік Құнанбаев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары және «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
06.01.2022
-
Кәрім Мәсімов қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
06.01.2022
-
Еліміздегі барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірлесіп мәлімдеді.
05.01.2022
-
Тоқаев жақында елімізде саяси трансформациялау жасалатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент бұл туралы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде айтты.
05.01.2022
-
Тоқаев: Бұзақылар әйелдерді зорлап, дүкендерді тонап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы шеруге шығушылардың тәртіпсіздігі туралы тоқталды. Бұл туралы Президент өзінің халыққа арнаған Үндеуінде айтты.
05.01.2022
-
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Президент өзінің халыққа жолдаған үндеуінде айтты.
05.01.2022
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
05.01.2022
-
Ернар Күлпейісов: Барлығы тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов топтасып жиналмай, елдің болашағы туралы ойлануға шақырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
05.01.2022
-
Тоқаев халыққа үндеу жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде қалыптасқан жағдайға қатысты халыққа үндеу жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
05.01.2022
-
Төтенше жағдай. БАҚ-тың жауапкершілігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5 қаңтардағы Жарлықтарымен Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.
05.01.2022
-
Арандатушы топтардың әрекеті жалғаса берсе соңы ұлттық проблемаға айналуы мүмкін – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі тұрғындардың әуелдегі талабы газдың негізсіз қымбаттауы болған. Бұл талап орындалды.
05.01.2022
-
Депутат мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережесі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың тапшылығы мәселесін айтты.
05.01.2022
-
Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
05.01.2022
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7% - ға, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5% - ға ұлғайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
05.01.2022
-
Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. The Ring журналисі және The Neutral Corner подкастының авторы Майкл Монтеро орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің осы жылы рингте кіммен айқасатынына болжам жасады, деп хабарлады Spоrts.kz.
05.01.2022
-
Несиелік амнистия халық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді – Әсел Әбен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтар тұтынушылық мақсатта 5 833,2 млрд теңге несие алған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбен хабарлады.
05.01.2022
-
«Атамекен» билік органдарын бизнесті тәртіпсіздіктен қорғауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. Ұлттық палата қазірдің өзінде зиян келтірген жағдайларды тіркеді. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар.
05.01.2022