ақпарат
-
Ломаченко Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізуге ниетті
Алматы, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлады Prosports.kz сайты МатчТВ порталына сілтеме жасап.
04.08.2019
-
Техаста ер адам 20 адамды атып тастады
Алматы, BAQ.KZ. Американың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында 21 жастағы ер адам сауда үйіне келушілерге оқ атқан. Салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 26-сы жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті шенеуніктерге сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады.
04.08.2019
-
Щучинскіде трамплинге жүгіріп шығудан халықаралық жарыс өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. «Бурабай» шаңғы базасында жүгіруден RED BULL 400 халықаралық жарыс басталды.
04.08.2019
-
Қазақстан мен жақын шетелден келген 200 бала еліміз бойынша тамаша саяхатқа жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың темір жол вокзалынан «Туған елге саяхат» балалар туристік пойыз» жобасының үшінші маусымының қатысушылары сапарға аттанды. Тоғыз күндік тамаша саяхатқа аттанбас бұрын балалар елорданың көрікті жерлерімен серуендеп, қаланың сәулет өнерін тамашалап, «ЭКСПО-2017» көрмесіне экскурсия жасады. Бұл туралы «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.08.2019
-
«Тарихы терең Түркістан» ақпараттық туры басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
03.08.2019
-
Семей жастары үшін тегін шеберлік сабағы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей жастары үшін тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
03.08.2019
-
Нұр-Сұлтан қаласында «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы жалғасын табуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының маңайын тазалау жұмыстары жүргізілді.
03.08.2019
-
Елге сынақ – ерге сынақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында «ешкімге кедергі келтірме» деген ұстаным бар. Яғни, таратылатын ақпараттың өз деңгейіндегі фактілерге сүйену қажеттігін, алайда арандату немесе өзге де тәсілдер арқылы бұқараның санасын улап, теріс насихат әрекеттерін жасайтын құралға айналмауын жай ғана қарапайым сөйлеммен «ешкімге кедергі келтірмеумен» түсіндірген, деп жазады Egemen Qazaqstan.
03.08.2019
-
Семейде 7 ай ішінде менингит ауруының 25 жағдайы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде 7 ай ішінде менингит ауруының 25 жағдайы тіркелген. Оның ішінде тек бір ғана науқас ересек қатарынан табылған. Демек, ауру балалар арасында тез таралады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
03.08.2019
-
Түркістанда киелі жерлерге арналған көпкүндік ақпараттық тур басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында«Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық тур басталды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
03.08.2019
-
Қазақстандық спортшы Берлин марафонына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанна Мамажанова әлемдік Abbott World Marathon Majors — ВERLIN-MARATHON марафондар сериясының элитасында сынға түсетін алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлады.
02.08.2019
-
Өскемен қаласында жаралы тырна табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өздігінен ұша алмаған құсты қала тұрғындары тауып алған. Бұл туралы buqara.kz сайты хабарлайды.
02.08.2019
-
Елордада «Пики Азии» халықаралық көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 5 тамызында сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық Шығармашылық Гильдиейі (Лондон) «Пики Азии» атты Халықаралық сурет көрмесі өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлады.
02.08.2019
-
Алматыда жыл басынан бері 5 млн теңгеге жуық жалған ақша анықталған
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бері Алматыда 5 млн-дай жалған ақша анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы Экономикалық тергеу департментінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.08.2019
-
Өскеменде трамвайдың рельстері жаңартылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен көлік компаниясы директорының міндетін атқарушы Михаил Чайканың айтуынша, биылғы кәсіпорынға бөлінген 250 миллион теңгеден трамвай жолдарын ауыстыруға қаражат қарастырылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
02.08.2019
-
Түркістанда «Қалтадағы ХҚО» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» акциясын өткізді.
02.08.2019
-
Қазақстан мергендері халықаралық байқауда бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының «Брестский» полигонында V Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қызу дайындық жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің сайты.
02.08.2019
-
Әділет министрі алимент төлеушілерге арналған көмек қорын құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу барысында әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеушілерге арналған көмек қорын құруды ұсынды.
02.08.2019
-
Таиландтағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд билігінің ресми хабарлауынша, бүгін Бангкоктың бірнеше аудандарында жеті кішігірім жарылыс орын алды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
02.08.2019
-
Көпбалалы отбасыдан шыққан түлектер 5 тамыздан бастап грантқа құжат тапсыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының сайтында жарияланды.
02.08.2019