ақпарат
-
Қазақстандықтардың жалақылары 15% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың I тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 186,5 мың теңгені құрап, бір жылда 14,6% өсті. Бұл ретте жалақының нақты өсуі (инфляцияны есепке алғанда сатып алу қабілетінің өсуі) 8,9% құрады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды finprom.kz порталы.
15.08.2019
-
Қолтырауындар «тозған» тістерін түсіріп, орнына жаңасын «өсіріп» шығара алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миссури университетінің ғалымдары қолтырауын тозған тістерін «өздігінен түсіріп», оның орнына жаңа тістерді өсіріп шығара алады деген қорытындыға келді. Бұл туралы Journal of Zoology баспасы жазды.
15.08.2019
-
Корей түбегіндегі экономикалық қатынасты жергілікті вице-губернатор айтып берді
Біз әлемдік БАҚ арқылы Солтүстік Кореяның «қорқынышты» бейнесін оқып, көріп келдік. Бүгінде әлем алдында «ашық» болуға тырысқан Ким Чен Ынға қарап, таңғалып отырмыз. Себебі енді Корей түбегінде бейбітшілік орнап, 20 ғасырдың ортасында бастаған соғыс аяқталуы әбден мүмкін екеніне «үміт» пайда болды. Тіпті, Солтүстік Корея оңтүстіккореялық тараптың инвестициясын ауыл шаруашылығын дамытуға пайдалануға дайын отыр.
Оңтүстік Кореяның Кенгидо (Gyeonggi Province Government) провинциясының өзі 2 млрд доллар инвестиция құюға әзір. Екі жақ ортақ жобаларды бастап, келіссөз жүргізіпті. Тек әттеген-айы бар. Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның екінші кездесуі бұл бастамаларды уақытша тоқтата тұруға себеп болды. Корей түбегіндегі қазіргі экономикалық қатынас туралы толығырақ BAQ.KZ тілшісіне Кенгидо провинциясының вице-губернаторы Hwa Young Lee мырза айтып берді.
15.08.2019
-
Магистратура емтиханын ҰБТ форматына келтіру басты жаңалық – Дариякүл Қожамжарова
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – бiлiм саласындағы жаңалықтарды жариялап, бiлгендерін бөлiсуге арналған алаң.
15.08.2019
-
Павлодар облысында екі жаңа мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның бірі Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде, екіншісі Павлодар қаласында іске қосылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
15.08.2019
-
«Павлодар-Нұр-Сұлтан» пойызында Абай өлеңдері шырқалатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығы қарсаңында «Абай жолы» жобасы аясында Павлодар-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Павлодар теміржол бағыты арқылы қатынайтын пойызда жолаушылар арасында ақын шығармашылығы насихатталатын болады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
15.08.2019
-
Тоқаев қандай шәкірт болған (видео)
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі сирек кадрларын жариялады.
15.08.2019
-
Қазақстанда алғаш рет өңірлер бойынша ауқымды халықаралық блог-тур өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-21 тамыз аралығында "Қазақстанды таны" жобасы аясында тревел-блогерлер ретінде кеңінен танымал және мыңдаған жазылушылар аудиториялары бар 35 шетелдік блогерлер үшін Қазақстан бойынша халықаралық блог-тур өтеді.
15.08.2019
-
Виктор Цой. Ағаш ұстасы. Пеш жағушы. Музыкант
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 29 жыл бұрын Виктор Цой жол-көлік апатынан қайтыс болды. Жарты жылдан соң өзі аяқтай алмаған альбом «Черный альбом» деген атпен жарық көрді.
15.08.2019
-
Еліміздің 5 облысының халқы азайып кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туу және өлім-жітім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде сақталса 30 жылдан кейін Қазақстан халқы 24 миллион адамнан асады. Олардың 9 миллионы еліміздің ең ірі үш қаласында тұратын болады. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.
15.08.2019
-
Нұр-Сұлтанда «Бақытты отбасы» бойынша алғашқы несие берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысқан елорданың 5 тұрғынына берілді. Олар жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайтын несиемен баспанаға ие болады. Бұл туралы elorda.info сайты жазды.
15.08.2019
-
Мәскеудегі "Қазақстандық бақ"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Мәскеуде "Бақтар мен адамдар" атты IV халықаралық фестиваль бастау алды.
15.08.2019
-
Жайдарман ойындары жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты бойынша көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр.
15.08.2019
-
Қазақстандық бала УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттау рәсіміне жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков қатысты.
15.08.2019
-
Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген медицина профессоры Пол Гринграс айтты, деп хабарлады Lenta.ru.
15.08.2019
-
УЕФА Суперкубогында алғаш рет әйел төреші қазылық етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогында әйел төрешілер қазылық етті.
15.08.2019
-
Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15.08.2019
-
Бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қалыпты болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамыз күні еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қалыпты болады.
15.08.2019
-
15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
15.08.2019
-
Роналду Месси екеуінің футболшы ретіндегі айырмашылығын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселона» футболшысы Лионель Месси екеуінің ойыншы ретіндегі түбегейлі айырмашылығы қандай екенін түсіндірді, деп жазады Prosports.kz.
15.08.2019