ақпарат
-
«Қолымнан келсе, көрінген адамды тыға беремін ғой»: вице-министр үй сұрап жүрген көпбалалы аналарға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев үй сұрап жүрген көпбалалы аналардың мәселесі қалай шешілетінін айтты.
20.09.2019
-
Аграрлық салада ғалымдардың жетістігін өндіріске енгізу жағы тұралап тұр – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аграрлық саладағы ғалымдардың қол жеткізген жаңалықтары көп, кейбір жетістік шетелдік ғалымдардікінен де артық. Бізде соларды өндіріске енгізу, әрі қарай көбейту жағы жетіспей жатыр. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов ҚазҰАУ-да болған жиында айтты.
20.09.2019
-
Қазақстандық волейболшылар кезекті жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда волейболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы контитенталдық біріншіліктегі 9-12 орындар үшін таласуда, деп хабарлады Olympic.kz.
20.09.2019
-
Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін көпбалалы отбасыларға 8 мың пәтер беріледі. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
20.09.2019
-
РАТА – қазақстандықтармен жақын танысу жолы – Раджастан туризм министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан РАТА (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы) көрме павильонына орналасқан Раджастан (Үндістан) штатынының туризм министрі Говинг Сингх Дотастра делегацияны өзі бастап келген. Осы орайда, министрмен сұқбаттасудың сәті түсті.
20.09.2019
-
Өскеменде жас аналар орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне арналған клуб ашылды, деп хабарлады Алтайньюс.
20.09.2019
-
Жұмада еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
20.09.2019
-
Қазақстан елшісі Түрікменстан президентіне сенім грамоталарын табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
20.09.2019
-
Сарышағанда жауынгерлік зымырандар ұшырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында Қазақстан мен Ресейдің зымыран әскерлері және артиллерия бөлімшелері бірлескен оқу-жаттығуының маңызды бөлімі өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
20.09.2019
-
Атырау облысы Қазақстан бойынша туризмнен көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың өзінде ғана 142 мыңнан астам турист мұнайлы астананың тарихи және мәдени мұраларымен танысты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
19.09.2019
-
Ғалымдар судағы микробтарды өлтіретін ыдыс ойлап тапты
Алматы, BAQ.KZ. LARQ компаниясының өнертапқыштары судағы микробтарды жоятын бөтелке ойлап тапты.
19.09.2019
-
Мәдениет саласының өкілдері көп балалы отбасыларға баспана сыйға тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының мәдениет саласының қызметкерлері, журналистер, ақын-жазушылар, асабалар қайырымдылық шарасын атқарып, облыстағы көпбалалы аналарға тұрғын үйлердің кілтін табыс етті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19.09.2019
-
Жамбыл облысында полицияның бес фронт-кеңсесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция департаменті басшыларының, әкімдік өкілдерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлердің қатысуымен Жамбыл облысының Полиция департаменті жанындағы фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.
19.09.2019
-
Ахметжан Есімов "Самұрық-Энергоға" ресейлік компаниямен мәмілені аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда "Самұрық-Қазына" ұлттық əл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен "Самұрық-Энерго" компаниялар тобының жұмысына қатысты кеңес өтті, деп хабарлады "Самұрық-Қазынаның" баспасөз қызметі.
19.09.2019
-
«Қазгидромет» екі облыста дауылды ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, Қостанай және Көкшетау облыстарында қатты жел соғып, найзағай ойнайды.
19.09.2019
-
Оқушылардың жаппай төбелесінен соң, офицерлер мектепте сабақ өтетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ұлттық ұланының бір топ офицерлері ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы №46 және №65 мектептерде қонақта болып, оқушылармен кездесті.
19.09.2019
-
Мұғалімдерге мемлекеттік сыйлық тағайындалады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.
19.09.2019
-
Тоқаев "оралман" терминінен бас тартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" терминін алмастыруға ұсыныс жасады.
19.09.2019
-
Мамин «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
19.09.2019
-
Елордада ұры дүкенде әйелдің телефонын үптеп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы дүкенде әйелдің телефонын ұрлап кеткен видеоны жариялады.
19.09.2019