ақпарат
-
Бұрмаланған статистика мемлекетке деген сенімді төмендетеді – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кез келген бұрмаланған немесе жеткіліксіз статистика мемлекетке деген сенім деңгейін төмендетеді, деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Сабина Садиева.
21.07.2020
-
Жасотандықтар дәрігерлерге демеу болуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалының өкілдері мен "жасотандықтар" "Медицина қызметкерлеріне мың алғыс" және "Дәрігерлерге демеу бол!" ұранымен Тараз қалалық балалар ауруханасына азық-түлік себеттерін апарып, 2 тонна ауызсу жеткізіп берді.</h4>
21.07.2020
-
32 мыңға жуық азаматтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес 31,9 мың азаматтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде 3 айға ұзартылды. Сонымен бірге, бұрын белгіленген мүгедектік тобы үшін мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу ағымдағы жылдың 17 шілдесінде жүзеге асырылды.
21.07.2020
-
Алматы дәрігерлері ағаштан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды
Алматы, BAQ.KZ. ШЖҚ "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы" МКК мекемесіне 10 жастағы қыз бала өте ауыр, коматозды жағдайда жеткізілді.
21.07.2020
-
Көбейтұз 49 жылға жалға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында Көбейтұзды 49 жылға жеке пайдалануға беру туралы байқау жарияланған.
21.07.2020
-
Коронавирус: Наурыз айынан бері тестілеуге 169,2 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 13,7 мың ПТР-зерттеулеріне 169,2 млн теңге қаржы бөлді, деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметі.
21.07.2020
-
Адамды бір күнде өлтіретін Бубон обасы Қазақстанға келе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Моңғолияда анықталып жатқан Бубон обасына қатысты пікір білдірді.
21.07.2020
-
Алматының жедел көмек көрсету ауруханасына ӨЖЖ-аппараттары табысталды
Алматы, BAQ.KZ. Тұрмыстық техниканың еуропалық бренді Beko "Алматы қалалық жедел көмек көрсету ауруханасына" 5 ӨЖЖ аппаратын жіберді.
21.07.2020
-
Қазақстан түрлі мемлекеттің вакцинасын зерттеп жатыр – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
21.07.2020
-
ДСМ карантиндік шараларды жеңілдету жоспарын әзірлеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
21.07.2020
-
Коронавирусты үйде емдеу стандартына 5 жаңа дәрі қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус және пневмонияны үйде емдеу хаттамасына бес жаңа дәрі енгізілгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
21.07.2020
-
Шпекбаев: Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың ең қарапайым тәсілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың ең әлеуетті, қарапайым әрі түсінікті тәсілі деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.
21.07.2020
-
Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына үлкен үміт артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығы жемқорлық тәуекелдерін жою ұсыныстарын орындайды деп үміттенемін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында төраға Алик Шпекбаев айтты.
21.07.2020
-
Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
21.07.2020
-
Ауруханаға түсіп жатқандардың 90 пайызында пневмония – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин онлайн брифинг барысында айтты.
21.07.2020
-
42500 теңгені 1 млн-нан астам қазақстандық алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдедегі жағдай бойынша биыл шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 567 мың бірегей өтініш қабылданды.
21.07.2020
-
Бурабай мен Зеренді карантинге жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінің таралуы мен өсуіне, демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмен деңгейіне байланысты карантин шаралары күшейтілді. Осыған байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары 2020 жылғы 24 шілде сағат 00:00-ден 3 тамыз сағат 00:00-ге дейін жабылады.
21.07.2020
-
Бас редакторлар клубы БАҚ-қа үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас редакторлар клубы еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына, телеарналар мен интернет басылымдарға, әлеуметтік желідегі жекеменшік сайт иелері мен блогерлерге үндеу жасады.
21.07.2020
-
Медиа саласындағы қордаланған түйткілдерді шешудің 10 қадамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Salem Social Media-ның бас директоры Александр Аксютиц Zoom платформасында өткен бейнеконференция барысында қазақстандық медиадағы проблемаларға тоқталды.
21.07.2020
-
Шымкентте жаңа өндіріс орындары құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бұл жобалар "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр.
21.07.2020