ақпарат
-
Таразда тұңғыш рет созылмалы жүрек дертіне ота жасалды
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Стастикалық мәліметтерге сүйенсек, жер бетіндегі 6,5 миллион шамасындағы адам созылмалы жүрек жетіспеушілігінен зардап шегеді екен. Ал бір жылда бұл сырқатпен ауырған 960 мың жан тіркеледі. Жамбыл облысында осындай есепте тұрған 500 науқас бар.
08.10.2020
-
Атыраудан сармат жауынгерінің сүйегі табылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде темір сауытты жауынгердің мүрдесі табылды. Бұл сарматтар тайпасының батыры болуы мүмкін дейді ғалымдар. Сүйек бүлінбестен, сауыт-сайманы сол күйі сақталған. Мүрде жанында жауынгердің 1 метр семсері мен ат әбзелдері бірге жерленген. Сонымен қатар денесінде алтын, күмістен жасалған бұйымдар да бар.
08.10.2020
-
Пандемия балық шаруашылығына қалай әсер етті?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы кезінде балық шаруашылығымен айналысатындар неден қиналды? Жалпы елімізде балық шаруашылығы қалай дамып жатыр? Бұл салада кадрларды дайындау жұмысы қалай жүруде? Балық өсіруде Қазақстанның әлеуеті қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Есік форель шаруашылығының директоры Марлен Тұрсынәлі жауап берді.
08.10.2020
-
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі ү. ж. 7 қазандағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
08.10.2020
-
Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60%-ы тасымалданған.
08.10.2020
-
Ұжымдық шарттың жоқтығынан еңбек даулары орын алады – депутат
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қай қоғамда, қай уақытта болсын, ең басты фактор – адам, ал өмірдің мәні өркениет өлшемдері арқылы айқындалады. Оның еркі, күш-жігері, табандылығы мен білімі – жақсы өмір сүруінің кепілі. Бұл еңбек адамына тән қадір-қасиет болуы керек.
08.10.2020
-
Президентке талшықты-оптикалық желі құрылысы туралы баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
08.10.2020
-
Хаус-шебер деген кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (Берлин қаласы) және «Шаңырақ» қауымдастығы (Қазақстан) бірлесіп ұйымдастырған вебинарда Қазақстан, Өзбекстан, Германиядан келген сарапшы-мамандар хаус-шеберлерді кәсіби даярлау мәселелерін талқылады.
08.10.2020
-
Президент: Отанды қорғау – мәртебелі миссия әрі жоғары жауапкершілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзі жарияланды.
08.10.2020
-
Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
08.10.2020
-
Санат Хасенов: Ұлттық парк аумағында қасақана өрт қоятындар азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2011 жылдың 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен Орталық Қазақстанның бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.
08.10.2020
-
Тоқаев: Армиямыздың әскери рухы мен даңқы одан әрі арта түсетініне сенімдімін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
08.10.2020
-
Жоғалған Сооронбай Жээнбеков табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков табылды. Ол Бішкектен ешқайда кетпеген. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
08.10.2020
-
Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды.
08.10.2020
-
Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің қайда екені белгісіз.
08.10.2020
-
Әл-Фарабидің трактаттарына арналған жаңа жинақтар жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Мүбарак университеті Ғылыми кеңесі ұсынысымен дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Жалғас Садуахасұлының 3 кітабы жарық көрді.
08.10.2020
-
Мақта шаруашылығын құртып алмайық – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Әлімжан Құртаев бейсенбі күні пленарлық отырыста аграрлық саладағы ең маңызды мәселелердің бірін көтерді.
08.10.2020
-
Ірі қараны сақтандыру тетігі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру саласының операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ірі қара малды сақтандыру өнімдерін бекітті.
08.10.2020
-
Гендерлік теңдік. Әлем және Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер әлем халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең деген сөз.
08.10.2020
-
«Saqbol» қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынды.
08.10.2020