ақпарат
-
COVID-19: 101 адамның жағдайы нашар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
22.10.2020
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 181 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 22 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
22.10.2020
-
Қарағандыда ескі стадион күрделі жөндеуден өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Көптеген жыл бойы қараусыз қалған Майқұдықтағы «Литейщик» стадионы жаңғыртылды. Ескі стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 220 миллион теңге бөлінген болатын.
22.10.2020
-
Қыркүйек-қазан айларында шекарадан 20 мың өзбекстандық өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин талаптарына сәйкес, Қазақстан Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткізе алмайды. Олар өз еліне тек өзбек дипломаттарының көмегімен, арнайы автобус немесе пойызбен жете алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
22.10.2020
-
Алматыда 12 күн ішінде карантин талабын сақтамаған 390 кәсіпкерлік субъектісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы 12 күн ішінде анықталған карантиндік шектеулерді сақтамау бойынша құқық бұзушылықтар статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22.10.2020
-
Павлодарда тыныштықты бұзғаны үшін 30 тұрғын жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күні «102» операторлар пультінде 1200-ден астам шақырту тіркелген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
21.10.2020
-
Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" мен "Отандастар қоры " КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды.
21.10.2020
-
COVID-19. Елордадағы стационар 2000-дай жолаушыны қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР тестісіз халықаралық рейстермен елордаға келген қазақстандықтар карантин стационарына жіберіледі, олар коронавирус инфекциясына тексеріледі.
21.10.2020
-
Дәурен Қуат: Саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасалып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Дәурен Қуат Мемлекет басшысының Парламент сайлауын өткізу туралы Қаулысына орай пікір білдірді.
21.10.2020
-
COVID-19-дан кейін. Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер Нұр-Сұлтан мен Лондонда қатар онлайн-конференция режимінде ұйымдастырылған «Kazakhstan Global Investment Forum 2020» Қазақстан-Британ инвестициялық форумы аясында талқыланды.
21.10.2020
-
Әл-Фараби жайлы спектакльдің тұсаукесері өтеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 23-24 қазан күндері Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Ғұлама ғұмыр» драмасы сахналанады. Премьераның режиссеры Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
21.10.2020
-
Тоқаев: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
21.10.2020
-
Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
21.10.2020
-
Атырауда тойхана тігін цехына айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық кәсіпкер қаңырап қалған мейрамхананы тігін шеберханасына айналдырған. Қазір кеңейтілген тігін цехында 25 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
21.10.2020
-
Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырғандар тіркелді ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жауап берді.
21.10.2020
-
Қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе? – ДСМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде алдағы екі айға жасалған болжам туралы айтып берді.
21.10.2020
-
Әйелдер мен жастарға берілген 30% квота саяси жүйеге өзгеріс әкеледі – Шәукенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді деп белгіленген ҚР Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді.
21.10.2020
-
ПТР тесті болмаған азаматтар еліне депортацияланады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде айтып берді.
21.10.2020
-
«Ауыл» партиясы Президенттің шешімін құптайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Facebook-тегі парақшасында Парламент және мәслихаттарға кезекті сайлаудың жариялануына қатысты мәлімдемесі жарияланды.
21.10.2020
-
Әнуар Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ахметжанов Әнуар Мұратұлы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
21.10.2020