ақпарат
-
Елде пайдалануға берілген тұрғын үй рекордтық көрсеткішке жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы елімізде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында.
12.01.2021
-
Досаев теңгенің қанша пайызға құлдырағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің 2020 жылға арналған бағамы туралы есеп берді. Оның айтуынша, 2020 жылы теңге дағдарыс аясында 10 пайызға әлсіреген.
12.01.2021
-
Ұлттық банк төрағасы сыртқы нарықтағы ахуал туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында сыртқы нарықтағы ахуал туралы айтып берді.
12.01.2021
-
Індетке шалдыққан 283 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 12 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
12.01.2021
-
Зардап шеккен салалар үшін ынталандыру шаралары қабылданды – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы нақты сектор экономиканың драйвері болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
12.01.2021
-
Испанияда қар құрсауында қалғандарға азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалың қар құрсауында қалған Испанияда құтқарушылар көлік қатынасы қиындаған аудандарға COVID-19 -ға қарсы вакцина мен азық-түлікті тікұшақпен жеткізіп жатыр, деп жазды «Хабар 24».
12.01.2021
-
ДДСҰ өкілдері Қытайға барып, коронавирустың шығу себебін зерттейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға 14 қаңтарда барады, деп хабарлайды 24.kz.
12.01.2021
-
Өткен тәулікте 761 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 761 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
12.01.2021
-
Алматыда теннистен халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының (ЦСКА) теннис корттарында Халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
12.01.2021
-
Марғұлан Баймұхан ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ДИАҚБ Миссиясының басшысы Ярослав Домански (Польша) және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Арнайы үйлестірушісі Кристиан Вигенинмен (Болгария) кездесті.
11.01.2021
-
Таулы Қарабақ: Әлиев, Пашинян және Путин бірлескен шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті, Армения Премьері және Әзербайжан Президенті Таулы Қарабақтағы инфрақұрылымды дамыту жөнінде келісімге қол қойды.
11.01.2021
-
АШМ Президент қол қойған ветеринарияға қатысты заңды түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі өткен аптада Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның негізгі мақсатарын түсіндірді.
11.01.2021
-
Марат Шибұтов: Сайлау адал өтті
Алматы, BAQ.KZ. Саясаттанушы Марат Шибутов елімізде өткен сайлау туралы өз пікірімен бөлісті.
11.01.2021
-
БҒМ: 196 колледж білім беру құқығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі колледждердің білім беру қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды.
11.01.2021
-
Атамқұлов Войтех Филиппен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен кездесті.
11.01.2021
-
Халық жақсылықты ешқашан ұмытпайды – Ауыт Мұқибек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Ауыт Мұқибек еліміздегі сайлаудың әділ өткенін айттады.
11.01.2021
-
Сайлаудың алдын ала қорытындылары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша баспасөз конференциясы өтті.
11.01.2021
-
Алматыда Респираторлық орталық халыққа тегін қызмет көрсетуде
Алматы, BAQ.KZ. Стационар 2010 жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жанынан ашылған. Аталған орталықта тәулік бойы ауруханада жатуды талап етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық көмек қажет ететін пациенттерге стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі.
11.01.2021
-
Сайлау учаскелері байқаушылардың барлық сұрағына жауап берді – байқаушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ бірлесе ұйымдастырған тәуелсіз халықаралық байқаушылармен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
11.01.2021
-
Үшінші тоқсанда елордада 70 мыңға жуық оқушы мектепте оқитын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 12 қаңтардан бастап оффлайн режимде оқыту жалғасады. Айта кетейік, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары «кезекші сынып» режимінде оқуын жалғастырады.
11.01.2021