ақпарат
-
Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Станиславұлы Тынысбеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
03.02.2021
-
Жаһандану заманында жұтылмау үшін ұлттық құндылықты насихаттау керек – Баһаргүл Төлегенқызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегенқызын қазақтың қолданбалы ұлттық өнерін насихаттаушы ретінде жақсы білеміз. «Әдемі-ай» компаниясының директоры өз туған күнінде әдемілік саласындағы империяны қалай қалыптастырғаны туралы айтып берді.
03.02.2021
-
Бас қала мен 5 облыс «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің үш облысы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
03.02.2021
-
Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлпынайдың алғашқы өнімі максималды қауіпсіздіктегі АП-162/4 мекемесінде жиналды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
03.02.2021
-
Алматыда көлік жөндеу орталығы өртеніп, 20 машина жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда көлік жөндейтін орталықта өрт шығып, жиырма автокөлік жанып кетті.
03.02.2021
-
Махамбет ауданында бройлерлік құс етін өндіру кешені салынады – Атырау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
03.02.2021
-
Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахан кентінде коронавирус жұқтырғандардың күрт артуына байланысты ақпанның алтысынан бастап мектептер қайтадан қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
03.02.2021
-
Ғалымдар "Спутник V" вакцинасының қаншалықты тиімді екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар "Спутник V" екпесі сынақтың үшінші кезеңінен кейін 92 пайыз тиімділік көрсеткенін мәлімдеді. Сынақ қорытындысы 2 ақпанда халықаралық The Lancet журналында жарияланды.
02.02.2021
-
"Үздік тергеуші" анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО ПД аппараттық кеңесі жағымды сәттен – тергеу және анықтау желісі бойынша өткен “Үздік маман” байқауының жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. Жеңімпаздар қатарында – тәжірибе мен табандылық бар.
02.02.2021
-
Қалқаман Сарин «Адалдық сағатын» өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.
02.02.2021
-
Балаева Әнес Сарайдың туыс-туғандарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін дүниеден өткен белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
02.02.2021
-
Қазақстандағы ең «үздік оқытушы» анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырбойылық Нұрғали Ақылбеков республика бойынша үздік оқытушы атанды. Аталмыш байқауға еліміздің 73 оқу орнынан 623 оқытушы қатысты.
02.02.2021
-
Жауынгерлік даярлық қарқыны төмендемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігінде аппарат кеңесі өтті. Онда пандемия жағдайында взводтардың жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылау жөнінде нұсқаулар берілді.
02.02.2021
-
Латын әліпбиі: Атақты филолог емле ережелерін құрастыруда нені ескеру керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық жазу-сызудың емле ережелерін жасауда алдымен ескерілетін заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды. Бұл туралы филология ғылымының докторы, профессор Нұргелді Уәли айтты.
02.02.2021
-
Біз әліпбиді сән үшін емес, Тәуелсіздік мұратын жүзеге асыру үшін өзгертеміз – Дихан Қамзабекұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2023 жылдан бастап қазақ әліпбиі латын қарпіне көшеді. Бұл туралы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында айтылды. Осыған байланысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлымен сұхбаттасқан едік.
02.02.2021
-
Көктайғақ, бұрқасын. Еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.
02.02.2021
-
Испанияда Pfizer вакцинасынан кейін қарттар коронавирусқа шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лагартера қаласының қарттар үйінде 13 қаңтар күнгі вакцинациядан кейін қариялардың вирус жұқтырғаны анықталды, деп жазды lavanguardia.com.
02.02.2021
-
Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жинасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова баяндады.
02.02.2021
-
Экология министрлігі Жем және Ойыл өзендеріне талдау жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК шаруашылық қызмет пен климаттың өзгеруі жағдайында Жем және Ойыл өзендері ағынының өзгеруіне талдау жүргізді.
02.02.2021
-
Елордада дзюдо орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК жанынан дзюдо орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.
02.02.2021