ақпарат
-
Әуезов театрында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры сахнасында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесіліп, «Премьералар апталығы» басталды.
16.02.2021
-
«Үркердің онлайн зертханасы» басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Медиа даму қорының» ұйымдастыруымен биыл алғаш рет журналистика факультеттері студенттеріне арналған интеллектуалды активити күндері басталды. Осы іс-шара аясында баспа, радио және интернет журналистика саласындағы «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары бүгін онлайн-конференция өткізді.
16.02.2021
-
Жолдыгүл емес, Әмина. Пойызда тағы бір сәби дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні кеше «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
16.02.2021
-
«Күнделік» жүйесіне хакерлік шабуыл жасалғаны рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Күнделік» жүйесін бұзу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
16.02.2021
-
Киіктерге қатысты браконьерліктің 85 фактісі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары өткен жылы киіктерге қатысты браконьерліктің 85 фактісін тіркеді, 727 киік ұшасы мен 9743 мүйізі тәркіленді. 71 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, жалпы шығын 2,4 млрд теңгені құрады.
16.02.2021
-
Атақты француз балуанын 24 секундта жеңген қазақ қызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кезінде Қазақстан дзюдо құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан Келбет Нұрғазинаны жоғалтып алғандар көп. Дзюдодан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерімен жақында жолығып, емен-жарқын әңгіме құрған едік.
16.02.2021
-
Жамбыл облысының ауыл тұрғындары лимон өсіруді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меркі ауданында жылыжай шаруашығы жыл санап дамып келеді. Ауданда түрлі дақылдар өсіретін 42 жылыжай жыл он екі ай жұмыс істеуде.
16.02.2021
-
Ұлыбританияда COVID-19-дың тағы бір жаңа түрі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда, сондай-ақ Дания, АҚШ және Австралия сияқты елдерде COVID-19 коронавирусының В1525 деп аталатын жаңа нұсқасы анықталды, деп хабарлайды The Guardian Эдинбург университетінің зерттеушілеріне сілтеме жасап.
16.02.2021
-
Алматы қоғамдық көліктері 41 экологиялық автобуспен толықты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында коммуналдық және қоғамдық көліктерді жүйелі жаңарту және экологиялық таза отынға көшіру қаланың экологиясын жақсарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылатынын айтты.
16.02.2021
-
Тарихшы: Ашаршылық мифтерге толы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл ашаршылыққа қатысты мәселелерді саясиландырудың қажеті жоқ деген пікірде.
16.02.2021
-
Ашаршылықтан нақты қанша адам өлгені әлі толық анықталған жоқ – Омарбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашаршылықтың 100 жылдығына орай өтіп жатқан дөңгелек үстелде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу орталығының директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков ашаршылықтан құрбан болғандардың саны әлі толық шыққан жоқ дейді.
16.02.2021
-
Қазақстанда тұрмыстық техника бағасы қымбаттайды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Катэкс» Қазақстан электр тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер сауда компаниялары мен тауар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы Сергей Архипкин Алматы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
16.02.2021
-
Бұл сол кездегі халықтың басына түскен алапат – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тек тәуелсіздіктің арқасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен тарихымыздағы ақтаңдақтар мемлекеттік деңгейде көтеріле бастады. Елордада Ашаршылық нәубетінің 100 жылдығына орай өтіп жатқан дөңгелек үстелде Сенат төреғасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
16.02.2021
-
Бағдат Мусин: Интернет орнатуда прогресс бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дегенмен, еліміз бойынша 500 елді мекенде әлі толыққанды интернет жоқ, деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Apta.kz» бағдарламасына берген сұхбатында.
16.02.2021
-
Ашаршылықтың 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: АШАРШЫЛЫҚ зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.
16.02.2021
-
Фармацевтика өнеркәсібі 4%-ға артты – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4%-ке артқанын айтты.
16.02.2021
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сарапшыларға конкурс жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында осы жылғы қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен қаржылық ахуалы туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндап берді.
16.02.2021
-
Илон Маск ұйымдастырған байқаудың финалисі ИИДМ басшысына электромобилін көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов америкалық бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысушы Санжар Тайжанмен кездесті. Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы - қазақстандық электромобильді таныстырды.
16.02.2021
-
Досаев Ұлттық қор активтерінің төмендеу себептерін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қор активтерінің жыл басынан 1 млрд. АҚШ долларына төмендеуіне негіз болған себептерге тоқталды.
16.02.2021
-
Павлодар облысы «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 16 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды.
16.02.2021