ақпарат
-
Наманганнан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Түркі әлемінде ислам дінінің кең таралуына ерекше леп беріп, сопылық негіздерінің дәнін еккен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды.
27.02.2021
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
27.02.2021
-
Шымкентте шаһардан алыс орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам тұрғын алабындағы №3 қалалық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны алу үшін жергілікті бюджеттен 160 млн қаржы бөлінген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
27.02.2021
-
Ақтауда көпқабатты үй өртеніп, төрт бала құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының 3 шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, төрт бала құтқарылды, деп хабарлады lada.kz.
27.02.2021
-
Биыл 5 мың адамдық жаңа мешіттің құрылысы аяқталады – Түркістан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда 2021 жылы бірнеше ғимараттың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар: 5000 адамға арналған мешіт, Тұңғыш Президент саябағы, «Керуен Сарай» шығыс базары, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақ, бизнес орталық, ғылыми-әмбебап кітапхана, дендросаябақ, «Аманат» және «Керуен Сарай» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қ.А.Ясауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.
27.02.2021
-
Шымкенттегі инвестициялық базаға 157 жоба енген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Нәтижесінде 2020 жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
26.02.2021
-
Агрохимиялық картограмма: АШМ аталған норманың мәртебесін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Картограммалар туралы норманың қолданылуы әлі тоқтатылған жоқ, бұл мәселе әлі қаралуда, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
26.02.2021
-
Ғабидолла Әбдірахымов Kazakh Tourism директорлар кеңесінің төрағасы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің отырысы өтті.
26.02.2021
-
Кофе ішкенде неліктен адамды ұйқыға тартатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Негізінен кофе ұйқыны ашып, адамға сергектік сыйлайтын сусынның бірі. Алайда кей жағдайда оны ішкен адамды ұйқыға тартады. Мамандардың айтуынша, бұл теобромин деп аталатын заттекке байланысты дейді.
26.02.2021
-
«Ashyq», QR-код, COVID-19, мәртебе. Қиясов жаңа қаулы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы қаулы қабылдады.
26.02.2021
-
Тәуелсіздікті жырына қосқан жас ақындар мүшайрасы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастамасымен «Өнер мектебінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты жас ақындардың жыр-мүшайрасы болып өтті.
26.02.2021
-
Әлемде коронавирустың таралуының бәсеңдегені байқалады – ДДСҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралуының бәсеңдегені байқалған. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% - 2,7 миллионға дейін төмендегенін атап өтті.
26.02.2021
-
Сағынтаев: Қалалықтарды жұмыспен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуды сақтау, жалақыны және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды дер кезінде төлеу мәселелері қаралды.
26.02.2021
-
Алматыда 27 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 27 797 азамат баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Ермек Әміров онлайн брифинг барысында айтты.
26.02.2021
-
Зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай алынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы төлемдеріне салық салу жөнінде азаматтардан келіп түсіп жатқан өтініштер мен сұрауларға байланысты, қосарланған салық салу туралы алаңдауға негіз бар ма, осыған түсіндірме берді.
26.02.2021
-
Жаппай төбелеспен аяқталған әскери сайысты өткізгендер жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталғаны БАҚ беттерінде хабарланды. Осы сайыс өткен Мәдениет үйінің директорына айыппұл салынды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
26.02.2021
-
Нұр-Сұлтандағы карантин: Жаңа қаулы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы жаңа қаулысы шықты.
26.02.2021
-
Юлдаш Султанов: Қазақ халқы қиын кезеңде қоныс аударып келген халықтың ауыртпалығын көтере білді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні. Көктемнің бірінші күнімен қатар келген бұл мерекеде қазақстандықтар бір-біріне алғыс айтып, сый-құрметтерін білдіреді.
26.02.2021
-
Транспорт саласында жемқорлық үшін кімдер жазаланды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
26.02.2021
-
Алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын жүзеге асыруда. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
26.02.2021