алаяқтық
-
Алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері өзгенің атынан 2007 жылы тауарлық несие алып, алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкерін ұстады.
22.10.2021
-
Инвестициялық делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы маусымнан бастап уәкілетті органның лицензиясы жоқ және жоғары кірістілікке кепілдік бере отырып, инвестициялық мақсаттар үшін клиенттердің ақшасын тартатын жосықсыз делдалдардың тізімін жариялауда. Оларға қаржылық қызметтерді тұтынушылардан жүздеген шағым түседі.
21.10.2021
-
Интернет-алаяқтар күшейе түсті – комитет төрағасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Асқар Тынысбеков мәлім етті.
11.10.2021
-
Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, 1 млн теңгесінен айырылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полиция қызметкерлері «ақшаңызды бағдарламаға салып екі еселеп беремін» деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
09.10.2021
-
Түркістанда банк қызметкері клиенттің атынан 5 млн алып, өз пайдасына жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері 5 млн теңгені алаяқтық жолмен алған деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.
08.10.2021
-
Халық санағы-2021. Полицейлер жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісінде дауыстық хабарлама тараған. Аудиожазбада әйел алаяқтар халық санағын желеу етіп, азаматтардың атына несие рәсімдейді деп ескертеді. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді.
06.10.2021
-
Маман кеңесі: 10-15 үйден артық қарамау керек. Үй сатып аларда нені білген жөн?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде үйдің бағасы тым шарықтап кеткені бұқара халықтың қалтасына ауыр соққы болғаны баршаға аян. Баспана бағасының осынша қымбаттауына не түрткі болды, баға өсе бере ме, әлде осы деңгейде қала ма? Үй сатып аларда неге баса мән беру керек, құжаттарын қалай тексеріп алу керек, қандай үйлерді ипотекаға ала алмайсыздар, алаяқ риелторға ұрынып қалмау үшін не істеу керек осы және басқа да сұрақтарға риелторлық агенттіктің басшысы Бөтагөз Мақыш жауап береді.
06.10.2021
-
Әріптестерінің атынан несие алған түркістандық қыз ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан полицейлері әріптесінің атынан несие рәсімдеген күдікті бойжеткенді ұстады. Бұл туралы Төлеби аудандық ПБ баспасөз қызмсеті хабарлады.
04.10.2021
-
Фишинг. Полиция алаяқтармен қалай күресіп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.
28.09.2021
-
Бөлегенов ең көп алаяқтық жасалатын сайтты атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов журналистерге берген брифингте айтты.
28.09.2021
-
Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
27.09.2021
-
Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталғанын хабарлады.
24.09.2021
-
Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады
Алматы, BAQ.KZ. ІІМ деректері бойынша 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидалары туралы 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа берілді.
24.09.2021
-
«Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін». Алматыда алаяқ әйел ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын» деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды. Бұл туралы алматы қаласы ПД-ті хабарлады.
23.09.2021
-
84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен жезқазғандық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
23.09.2021
-
Шымкентте өзгенің атынан 2,2 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте тұрғынның атына 2,2 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
16.09.2021
-
Халық санағы кезінде алаяқтардан қалай қорғану керектігі айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков халық санағы кезінде алаяқтардан қорғану үшін азаматтарға интервьюерлердің ерекше киімдеріне назар аударуға кеңес берді.
15.09.2021
-
Ashyq-тың атын жамылған алаяқ сайт анықталды
Пайдаланушы аталған сайтқа тап болғанда, оның телефон нөмірі мен ЖСН-і сұралып, одан соң айыппұлдарының бар екені хабарланады.
11.09.2021
-
Түркістанда тағы бір алаяқ әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйел өз арызында «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдағанын көрсетті.
07.09.2021
-
Солтүстік Қазақстанда соңғы үш күнде 9 алаяқтық дерегі тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында интернет арқылы құрылыс материалдарына тапсырыс берген тұрғын 2 млн астам теңгесінен айырылды, деп хабарлайды СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен.
05.09.2021