Анықтама
Әзірбаев Мұхит Бақытұлы
1457
Қазіргі лауазымы: Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Туған жылы: 1974 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі: 1997 ж. - Қазақ Мемлекеттік басқару академиясында (қазір Т. Рысқулов атындағы Қазақ экономикалық университеті деп аталады) оқыған, мамандығы - экономика менеджері.
1997-2003 жж. - Алматы мен Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкіде бастаған. Қатардағы қызметкер лауазымынан бастап, бес жылдың ішінде валюталық бөлімі бастығы болған.
2003-2006 жж. - Астана қаласындағы «Куат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры.
2006-2009 жж. - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг басқармасының бастығы, корпоративтік қарым-қатынас департаментінің директоры.
2009-2017 жж. - «Global Building Contract» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы.
2017 жылдың шілдесі – 2019 жылдың наурызы - «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасы.
2019 жылдың наурыз - сәуірі – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқарамысының басшысы.
2019 жылдың 8 сәуірінен – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.