Анықтама
Әзілханов Марат Алмасұлы
2346Қазіргі лауазымы: Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
- Туған жылы: 1965
- Туған жері: Қызылорда облысында дүниеге келген.
- Білімі: «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін,
- «Құқықтану» мамандығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.
1988–1992 жылдары — қалалық аурухананың дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері.
2011–2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төраға орынбасары қызметін атқарған.
2013–2014 жылдары — ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы.
2014–2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
2016–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы.
2018–2019 жылдары — ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылғы 21 сәуірден бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.