Анықтама
Жұманғарин Серік Мақашұлы
544Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы
Білімі: 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық институтын "Жылу физикасы" мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында "Менеджмент" мамандығы бойынша, іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы:
1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2005 – 2006 жылдары - Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006 – 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007 – 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008 – 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2010 – 2011 жылдары - «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 – 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 – 2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі.
2014 – 2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары - бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).
2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
2022 жылдың 15 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.