Анықтама

Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы

1422

Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Туған күні: 02.12.1971 ж

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы

Тілдік дағдылар: қазақ, орыс

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Журналистика» мамандығы

Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы·Қазақ мемлекеті институт «Құжаттану және құжаттаманы басқару» мамандығы

Еңбек өтілі:

Республикалық «Спорт» газетінің тілшісі (1992-1993);

«Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі (1993-1994);

«Атамұра» апталық газетінің тілшісі (1994-1996);

«Хабар» агенттігінің Астана қаласы Орталық бюросының редакторы, тілшісі, продюсері, директорының орынбасары (1996-2007);

Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры (06.2007-12.2007);

«Қазақстан» РТРК Ұлттық телевизиясы бас директорының орынбасары (12.2007-09.2008);

Era TV бас директорының орынбасары – бас редактор (09.2008-05.2010);

«Жетінші арна» телеарнасының бас директоры (05.2010-01.2011);

«Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрағасы (01.2011-11.2016);

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі (11.2016-04.2019);

«Astana TV» телеарнасының бас директоры (04.2019-10.2019)

Басқа лауазымдар:

Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары (14.06.2022 ж. бастап)

Бас редакторлар клубының басшысы (2020 ж. бастап)

Сайланған лауазымдар, депутат:

Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (16.01.2023 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

Медальдар: Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл, Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл;

Атақтары: Қазақстан мәдениет қайраткері, 2006 жылғы жыл адамы;

Қазақстан Республикасы Президенті БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы