Анықтама
Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы
4089
Қазіргі лауазымы: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Туған жылы: 1976 жылы туған.
Білімі: әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін,
ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген.
Философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіні, Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің, Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген.
2019 жылдың 20 маусымынан Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы қызметіне тағайындалды
«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.