Анықтама

Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы

711

Қазіргі лауазымы: 

  • Білімі: Өскемен жол-құрылыс институтын тәмамдаған

Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.


Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, «Жамбылавтожол» КМ-нің, «Казақавтожол» РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.


2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы;


2014 жылдың қазанында Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

2021-2022 жылдары Талдықорған қаласының әкімі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы