Анықтама

Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы

3183

Қазіргі лауазымы: Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары


Туған жылы: 1981 жыл

Туған жері: Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ленин ауылында туған.

Білімі: М.Х.Дулати атындағы Қазақ экономика университетiн,

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясын экономист, заңгер, саясаттану мамандықтары бойынша бiтiрген.

Әлеуметтiк бiлiм магистрi, қазақ , орыс , ағылшын және түрiк тiлдерiн меңгерген


Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң Бәсекелестiктi қорғау және дамыту бөлiмiнiң жетекшi маманы болып бастады.


2005 жылдан 2015 жылға дейiн бөлiмнiң жетекшi маманынан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң басшысына дейiнгi жолдан өттi.


2015-2016 жылдары — Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директорының орынбасары қызметiн атқарды.


2016 жылдан Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директоры болып еңбек еттi.


2017 жылғы 04 шiлдеден бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң индустриялық-инновациялық даму, инвестициялар тарту, кәсiпкерлiк және туризм бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы