Анықтама
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы
2008Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желіде:
Туған жылы: 1968 жылы 1 қаңтарда
Туған жері: Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.
Білімі: В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқарудың Ұлттық жоғары мектебін,
Саяси зерттеулер ұлттық институтын (Токио) бітірген.
Инженер-системотехник, мемлекеттік басқарудың магистрі.
Еңбек жолын Алматы қ. «Казгипросельхоз» аумақтық мемлекеттік жобалау институтында техник болып бастады. ҚР ҰҒ Ақпарат және басқару проблемалары институтында, банк саласында жұмыс істеген.
1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңес Хатшылығының аға сарапшысы болып тағайындалды.
1997–2003 ж.ж. дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттікте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2003 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2005–2007 ж.ж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі, кейін басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2007–2008 ж.ж. — ҚР Білім және ғылым вице-министрі.
2008 жылдан 2010 жылғы сәуірге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.
2010 жылдың сәуірінен 2014 жылғы маусымға дейін — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
2014 жылдың 20 маусымынан - 2019 жылдың шілдесіне дейін "Нұр Отан" партиясының Хатшысы
Марапаттары: «Кұрмет» ордені.