Анықтама
Тілеухан Бекболат Қанайұлы
2263Қазіргі лауазымы: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президент, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті
Туған жылы: 1966 жылы 7 тамызда
Туған жері: Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.
Білімі: 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша,
1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.
1996-2001 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі.
2001-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің төрағасы.
2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі.
2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2007-2011 жж. – ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012-дан бері. - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2021 жылы 29 желтоқсанда өз өтінішімен ҚР парламент мәжілісінен кетті.
«Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағын алған (1996 ж.),
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998 ж.),
«Парасат» орденімен (2005 ж.), ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен (2021 жыл), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.