Анықтама
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы
2874Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі
Туған жылы: 30.06.1968 жыл
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген,
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.
ҚР СІМ-дегі дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе болып бастады, Орталық аппараттағы мансаптық өрлеуі барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын иеленді. Шетелде ҚР-дың Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және ҚР-дың Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып қызмет етті.
ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылы Сыртқы істер Вице-Министрі болып тағайындалды.
2004 жылы ҚР-дың Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасындағы, Брунейдегі, Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.
2009 жылы ҚР-дың Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ-ның Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР-дың Тұрақты Өкілі болды. 2015 жылы ҚР-дың Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елші болып аккредиттелді.
2016-2019 – ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «ШЫҰ-ға 10 жыл» (2011ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.),«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл", 2018 ж. мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010ж.).