Анықтама

Тұрлыбек Арман Алашұлы

1837

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген.

Туған жері: Қарағанды облысы

Білімі: экономикалық және техникалық. Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.


1999 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде Энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев қаласының әкімі болып жұмыс істеді.


2008 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды.


2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жауапты қызметтерді атқарды.


2016-2019 жылдар аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.

2019 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылғы шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 

2019-2020 жылдары Су ресурстары комитетінің төрағасы


«10 жыл Астана», «Ерен еңбек үшін» медальдары және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» құрметті төсбелгісімен марапатталған. «Құрмет» ордені иегері. «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы