Анықтама
Шайымова Айгүл Амантайқызы
1315Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1979 жыл, 12 қаңтар
Туған жері: Целиноград облысы, Мариновка ауданы, Мариновка ауылында туылған.
Білімі: 1999 жылы Л. Гумилев атындағы университетін үздік,
2004 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыс басқармасының кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы.
2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы құқықтық сараптама бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары.
2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі – Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының Ақпараттық-талдау басқармасы Стратегиялық талдау орталығының басшысы.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы.
2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап 28 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі.
2016 -2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
2022 жылдан Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары
Бір неше жылдар бойы Айгүл Амантайқызы Шайымова қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық жұмыс топтарының тең төрағасы болды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерекелік және ведомстволық медальдарымен наградталған.