Анықтама

Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы

1331

Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1974 жылы 7 маусым

Туған жері: Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек қентінде дүниеге келген.

Білімі: 1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.


1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді.


1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды.


2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды.


2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет істеді.


2014 жылғы 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.


2016 жылғы 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.


2016 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2021 жылы "Қазақстан Ғарыш Сапары" басшылығынан босатылды


«Ерең еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі және басқа марапаттар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы