Анықтама
Шайхутдинов Марат Ерсайынұлы
1620Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желіде:
Туған жылы: 1959 жыл
Туған жері: Ақмола облысында туған.
Білімі: 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1984-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясының Целиноград облысы Ерейментау аудандық комитетінің және Қазақстан Компартиясының Қарағанды қаласы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы.
1986-1990 жылдары – Қазақстан Компартиясының Қарағанды қалалық комитетінің нұсқаушысы, идеология бөлімінің меңгерушісі.
1990-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі жанындағы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры.
1994-1997 жылдары – «Сары-Арқа» АӨК президенті.
1998-2000 жылдары – «Мирас» ЖАҚ президенті.
2000-2005 жылдары – Қазақстан-Ресей университетінің директоры.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының бас инспекторы.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Преиденті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің төрағасы.
2009-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
2015-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» (2009), ІІ дәрежелі «Барыс» (2014) ордендерімен және екі медальмен марапатталған.