Анықтама
Шәкіров Асқар Оразалыұлы
2392Қазіргі лауазымы: ҚР Сенат төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1956 жылғы 2 ақпанда
Туған жері: Қарағанды қаласында туған.
Білімі: М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын,
КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді.
Заң ғылымдарының кандидаты.
Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
Бірінші санаттағы Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангісі бар.
1978 жылдан 1992 жылға дейін КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1992 жылдан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.
1995 жылдан 1996 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.
1996 жылдан 1998 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.
1996 жылдан 1998 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1998 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,
2004 жылғы тамыз айынан - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.
2007 жылғы қыркүйектен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
2019 жылғы 13 тамызда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Сенат төрағасының орынбасары.