Анықтама
Қыраубаев Әлихан Сұлтанмұратұлы
1691Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1975 жыл 04 ақпан
Туған жері: Түркменстан Республикасы Ташауз қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1997 жылы Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы экономика және менеджмент/ экономист мамандығын аяқтаған.
Ғылыми атағы: экономика ғылымдарының кандидаты.
1998-1999 Қаз ҒЗИ аграрлық саясат экономика және АӨК ұйымдастыру бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
1999-2001 Қаз ҒЗИ АӨК макроэкономикалық проблемаларды және АӨК экономика ұйымдастыру бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
2001-2001 Қаз ҒЗИ АӨК макроэкономикалық проблемаларды және АӨК экономика ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкері
2001-2001 Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің салалық даму стратегиясы бөлімі бас маманының міндетін атқарушы
2001-2002 Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау департаментінің өндірістік сала және қызметтер бөлімінің бас маманы
2002 Астана қаласы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің экономикалық жоспарлау бөлімінің бас маманы
2002-2003 Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің Өңірлік даму басқармасының өңірлік даму бөлімінің бас маманы
2003 Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің орындалуын ұйымдастыру департаментінің талдау және мемлекеттік бюджеттің орындалуын әдістемесі басқармасының мемлекеттік бюджеттің орындалуын талдау бөлімінің бастығы
2003-2004 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің орындалуын ұйымдастыру департаментінің мемлекеттік бюджеттің орындалуын әдістемесі басқармасы бастығының орынбасары,
2004-2005 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының Ахуалдық орталығының бас сарапшысы
2005 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталықтың бас сарапшысы
2005-2006 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталықтың сектор меңгерушісі
2006-2008 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының сектор меңгерушісі
2008 Астана қаласы,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі
2008-2010 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі
2010-2012 Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
2012 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасарының міндетін уақытша атқарушы
2012-2017 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары
2017-2018 Ақтау қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы
2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары