Анықтама
Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы
1031Қызметі: Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі
Туған жылы: 1982 жыл
Туған жері: Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі: Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер-механик», Д. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2005 жылдан бері ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы, ҚР Президенті кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.
2015-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылғы шілде айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі болды.
2022 наурыздан бері Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
2022 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі