Анықтама
Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы
1683Қазіргі лауазымы: Ұлттық медиа бірлестігінің төрағасы
Туған жылы: 1977 жылы 13 шілде
Туған жері: Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: 1984-1994 жылдары - Қ. Мырзалиев атындағы Сырым орта мектебі
1994-1998 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті.
2002-2004 жылдары – Қазақ гуманитарлық-Заң университеті. Құқықтану факультеті.
2015-2016 жылдары- Geneva Business school, MBA. Магистр.
1998 жылы «Столичное обозрение-Атамұра» республикалық газетінде журналист ретінде еңбек жолын бастады.. 1999-2000 жылдары Стандарттау, сертификациялау және метрология комитетінде баспасөз хатшысы болып қызмет істеді.
2000 жылы «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігінің тілшісі болды.
2001 жылы «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі басшысы лауазымына ауысты. 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ-да кеңесші, атқарушы директор, Корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры болып қызмет атқарды.
2007 жылдан 2015 жылға дейін бірқатар телекоммуникациялық компанияларды басқарды, маркетингпен айналысты.
2015-2017 жылдары «Қазмедиа орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазақстан теле-радио корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2017-2018 жылдары «Smartway systems» ЖШС Бақылаушы кеңестің төрағасы болып қызмет істеді.
2019 жылдың маусым айынан бастап «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
2022 жылдан бері Ұлттық медиа бірлестігінің төрағасы