Анықтама
Қойшыбаев Ғалымжан Телманұлы
3232Қазіргі лауазымы: Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы
Туған жылы: 12.04.1968 ж.
Туған жері: Қызылорда қаласы
Отбасылық жағдайы: Үйленген, 2 баласы бар.
Білімі: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететі (1991 ж.),
Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)
Меңгерген тілдері: ағылшын және француз тілдері
1991 - 1994 М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты
1995 – 1997 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы
1997 – 1998 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі
1998 – 2004 Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі
2004 Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі
2004 – 2006 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы
2006 – 2008 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі
2008 – 2012 Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)
2012 – 2016 Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)
2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған
2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтардан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды
"Құрмет" ордені, "Құрмет кресі" Латвия Республикасының мемлекеттік ордені, Финляндияның Арыстан ордені (1-ші сыныптағы Командир), “Құрмет" ордені, 2008 ж., “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", 2015 ж.; “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016 ж.; “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", 2017 ж.; “Астана 20 жыл",2018 ж. мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.