Анықтама
Оразбек Асхат Елубайұлы
1557Қазіргі лауазымы: ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице - министрі
Туған жылы: 1976 жылғы 13 сәуір
Туған жері: Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы: математик, инженер-бағдарламашы.
1995 - 1999 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қолданбалы математика институты «Компьютерлік математикалық физика» зертханасының инженері;
1999 - 2000 жж. - Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі филиалының талдау және ақпарат бөлімінің бас маманы;
2000 - 2003 жж. - «Кушпен - Телеком» ЖШС Lotus - технологиялары бөлімінің басшысы, инженер-бағдарламашы;
2003 - 2006 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің Ақпараттандыру және ақпараттарды қорғау секторының меңгерушісі;
2006 - 2008 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2008 - 2010 жж. - «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директоры;
2010 - 2011 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы;
2011 - 2012 жж. - «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2012 - 2015 жж. - «Al.As.Ay» ЖШС кеңесшісі;
2015 ж. - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2015 - 2017 жж. - «Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі атқарушы директоры;
2017 - 2019 жж. - «ҚР Блокчейн мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығы» КЕҰ вице -президенті;
2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице - министрі.