Анықтама
Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызы
1384Қазіргі лауазымы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Туған жылы: 1983 жыл
Туған жері: Алматыда дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген.
2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы,
2014–2015 жылдары - Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2016–2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Қоғамдық даму вице-министрі лауазымын атқарған.
2019 жылдың сәуірден тамызға дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2019-2021 жылдары VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
Марапаттар: «Құрмет» ордені, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медаль
Отбасылы, екі бала тәрбиелейді