Анықтама
Нысанбаев Ерлан Нұрәлиұлы
2218Қазіргі лауазымы: С.Сейфулин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Туған жылы: 1961 жыл 11 тамыз
Туған жері: Алматы облысының Подгорное ауылында дүниеге келген.
Білімі: Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1983) орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша тәмамдаған;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2008).
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (2010).
Еңбек өтілімі:
Ұйғыр орман шаруашылығы мастері (1983-1984);
Ұйғыр райком комсомолының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушінің орынбасары, меңгерушісі (1984-1989);
Алматы облком комсомолының ауыл шаруашылығы секторының меңгерушінің орынбасары, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1989-1991);
«КРАМДС-Агро» ғылыми-өндірістік фирманың бас маманы (1991-1992);
«Акжол-ИМПЭКС» сыртқы сауда фирмасының директоры (1992-1994);
«Нысана» шаруа қожалығының төрағасы (1994-1996);
«Сельхозэнерго» РӨБ басшысы (1996-2000);
Атырау облысының әкімшілік аппаратының «Шаруашылық» РМҚК әкімшілік-шаруашылық қызметі департаментінің басшысы (2000-2002);
«Лейер» ЖШС директоры (2002-2003);
«Зеленстрой» РМК директордың бірінші орынбасары (2004-2005);
«Зеленстрой» » РМК директоры (2005-2006);
«АстанаЗеленстрой» АҚ бас директоры (2006-2009);
Қарағанды облысы Тұзды Бұхар-Жырау ауылдық оругының әкімі (07.2009-08.2009);
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы (08.2009-01.2013);
ҚР Қорғашан ортаны қорғау вице-министрі (02.2013-08.2014);
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (08.2014-2019)
2019-2021 жылдары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі 2021 жылдың мамырынан бастап С.Сейфулин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Астана қаласы маслихатының депутаты (2007-2009)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар: Медали: «Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008)