Анықтама

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы

2693

Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желіде: 

Туған жылы: 03.02.1980 ж

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: Ұлыбритания, Лондон қаласындағы Richmond University халықаралық қатынастар факультетінде, сонымен бірге АҚШ, Вашингтон қаласындағы George Washington University халықаралық қатынастар факультетінде оқыды. 

2001 жылы Қазақ гуманитерлық заң университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. 

2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының шешімімен «Экономика. Инновациялық экономиканы басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.


Кезінде «Европа плюс» радиосы директорының көмекшісі, 

«ТұранӘлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, 

Қазақстан Президенті әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, 

«Алматыфарм» корпорациясының президенті, 

«Caspian Indutries Ltd» ЖШС бас директоры, 

«Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарды. 

Танымал Damiani зергерлік үйінің брендімен Alsara зергерлік бұйымдарының жеке желісін жарнамалаумен айналысқан.

«Жаңа продакшн әлемі» ЖШС-нің құрылтайшысы.

Экологиялық тақырыптағы «Жандауа» деректі фильмінің продюсері, 2012 жыл.

«Анаға апарар жол» фильмінің бас продюсері

«Томирис» тарихи кинокартинасының бас продюсері

 2013 жылы зергерлік өнерде ұлттық идеяларды жаңғыртқаны үшін Fashion TV Awards сыйлығына ие болды 

2018 жылы «Анаға апарар жол» («Дорога к матери») толық метражды фильмін түсіруге қатысқаны үшін әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы