Анықтама
Намаев Бақытжан Біләлұлы
1440Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1964 жылы
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша,
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалы жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда және "Батум мұнай терминалы" компаниясының бас директоры лауазымын атқарған.
2018 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
2019-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі.