Анықтама

Нүсіпова Әсем Бекқызы

2028

Қазіргі лауазымы: Алматы қаласы әкімінің орынбасары


Туған жылы: 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.

Білімі: 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін «Экономист. Менеджмент саласындағы маман» мамандығы бойынша аяқтаған.

1998 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.


Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы ретінде бастаған. Одан кейін «Деловая неделя» газетінің экономика бойынша шолушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы болып жұмыс істеген.


2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі талдау Орталығы секторының меңгерушісі.


2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында болды, 

2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымында, 

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.

2022 жылғы ақпаннан бері Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы