Анықтама

Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы

2888

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы (1993), профессор (1993), академик


Туған жылы: 1937 жылы 27 мамыр

Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген

Білімі: 1960 жылы ҚазМУ-ді бітірген.


1954 - 1955 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған.


1960 - 1964 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент,


1964 - 1967 жылдары аспирант.


1970 - 1974 жылдары аға оқытушы, доцент,


1974 - 1977 жылдары филология факультетінің деканы болды.


1977 - 1987 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры,


1987 -1988 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары,


1988 - 1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі,


1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі,


1991 - 1993 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары,


1993 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,


1997 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды.


2000-2006 жылдары Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.


ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры болды.


Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады.


"Халықтар достығы", "Құрмет" ордендерімен марапатталған.


Шығ.: V - XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары. Ертедегі әдебиет нұсқалары, А., 1967; Асыл арналар, А., 1986, 1990; Күлтегін, А., 1986; Тоқсан толғау (Н. Төреқұловпен бірге), А., 1992; Жүз жыл жырлаған жүрек, А., 1993; Асыл сөздің атасы, А., 1996; Ел тағдыры - ер тағдыры, А., 1997.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы