Анықтама

Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы

1904

Қазіргі лауазымы: ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары


Туған жылы: 1971 жылғы 31 қазан

Туған жері: Ақтөбе қаласында туған.

Білімі: 1996 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.


Еңбек жолын Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде бастаған.


1996-2004 жылдары – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, протокол мен сыртқы саясат бөлімдерінің басшысы.


2004-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы.


2006-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.


2007-2008 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.


2008-2009 жылдары – Астана қаласындағы «Нұр-Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары.


2010 жылғы сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі.


2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы.


2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.


2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.


2017-2019 жылдары – Ақмола облысының әкімі.


2019 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.


«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы