Анықтама

Мыңбай Дархан Қамзабекұлы

3547

Қазіргі лауазымы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты


Туған жылы: 26.01.1962 жыл

Туған жері: ОҚО, Түлкібас ауданы, Димитров ауылы,

Отбасылық жағдайы: Үйленген. Төрт баласы бар.

Білімі: 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша бітірді;

2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.


1978-1979 жылдары - Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы.


1985 жылдан - Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік-ҚазТАГ) редакторы,


1986 жылдан - аға редакторы, 1989 жылдан - одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы.


1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі.


1992 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің аға референті.


1994 жылдан - «Өркениет-Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы.


1996 жылдан - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті.


1997 жылдан - Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы.


1997 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары.


2002 жылдан - ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы.


2004 жылдан - ОҚО Түлкібас ауданының әкімі.


2006 жылдан - ОҚО әкімнің орынбасары.


2008 жылдан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі


2008-2012 жылдара аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі


2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды


2013-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры.


2017 жылғы 14 наурыздан бастап - Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі.


2018 жылдың 13 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.


Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.


«Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының, 62 жарияланған мақаланың авторы.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы