Анықтама
Момышев Талғат Амангелдіұлы
2006Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Туған жылы: 1968 жылы 4 тамызда
Туған жері: Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған.
Білімі: 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының өнер-кәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін
2000 жылы Алматы экономика және статистика институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультетін
2007 жылы Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінде біліктілік арттыру курстарын бітірген.
Отбасылық жағдайы: Үйленген. 3 ұлы бар.
Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
1990 жылдан - Жамбыл спирт-арақ комбинаты сату бөлімінің маманы.
1994 жылдан - «Қарахан» БК атқарушы директоры.
1997 жылдан - Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы директорының орынбасары.
1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің аға референті.
1999 жылдан -Жамбыл облысы әкімінің Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы.
2000 жылдың қаңтарынан - «Метрология» РМК (Алматы к.) басшысы.
2000 жылдың шілдесінен - «Қазсертико» РМК (Астана қ.) директорының бірінші орынбасары.
2000 жылдың қарашасынан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «¥лттық Сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы.
2005 жылдан - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
2010 жылдың желтоқсанынан - ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің терағасы.
2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.
2021 жылдың қаңтарынан қазанына дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.