Анықтама

Бекетаев Марат Бақытжанұлы

2184

 

Қазіргі лауазымы: ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі 


Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары (негіздеме: 28.01.2019 күнгі №2-3-8/3Т-0-53 хаты)

https://www.instagram.com/adiletgovkz/

https://www.facebook.com/adiletgov/

https://m.vk.com/adiletgovkz

Туған күні: 29.10.1977 

Туған жеті: Оңтүстік Қазақстан облысы.


1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.


2001-2002 ж. - «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.


2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.


2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.


2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.


2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.


2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.


2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.


2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі.


2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.


2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.


2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 14 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.


«Құрмет» орденімен (2011),«Парасат»  орденімен (2017) марапатталған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы