Анықтама
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
2445Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы
-
Туған жылы: 15. 06.1965 жыл
-
Туған жері: Целиноград қаласы
-
Отбасылық жағдайы: Үйленген, үш баласы бар.
-
Білімі: 1985-1988 жылдары Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті,
-
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (ҚазМБА) бітірген.
-
1988-1989 Пекин тілдер институтында қытай тілін үйренген, Ухань заң университетінде (1989-1991) және Колумбия университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өткен.
-
1998 жылы ҚазМБА аспирантурасын, 1999 жылы Мәскеу мемлекеттік технология академиясын бітіріп, сол жылы «Қазақстан Республикасы өнеркәсібін құру және оны шешу жолдары мәселелері (теория және тәжірибесі)» атты докторлық диссертация қорғады.
-
Экономика ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін біледі.
1991 жылы - Қазақстан Еңбек министрлігінде бөлім бастығы.
1992-1995 жылдары - қазақстандық коммерциялық құрылымдарда Қытай және Гонконгте жұмыс істеген.
1995-1996 жылдары - «Алматы сауда-финанс банкі» басқармасының төрағасы.
1996-1997 жылдары - «Тұранбанк» басқармасы төрағасының міндетін орындаушы.
1997-2000 жылдары - «Қазақстан Халық жинақ банкі» басқармасының төрағасы.
2000-2001 жылдары - Қазақстанның Транспорт және коммуникация министрі.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары.
2003-2006 жылдары Қазақстан Президентінің көмекшісі.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары (бір уақытта 2006 жылғы сәуірден - қазан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болған).
2007-2012 жылдары Қазақстанның Премьер-Министрі.
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2014 жылғы 21 қаңтардан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін атқарушы.
2014 жылғы 2 сәуірден 2016 жылғы 8 қыркүйекке дейін - Қазақстанның Премьер-Министрі.
Мемлекет басшысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 318 Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы болып тағайындалды.
2019 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымеен Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы берілді.