Анықтама
Мәдиев Жаслан Хасенұлы
1280Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін,
Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін,
Массачусетс технологиялық институтын,
Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.
«Альянс Банк» АҚ, ҚР Ұлттық банкінде,
«Қазақстанның даму банкі» АҚ-да,
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,
«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ түрлі лауазымдарды атқарған.
Әр жылдары «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ-да,
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
2017 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың 13 қаңтарында Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.