Анықтама
Әлішев Руслан Қанатханұлы
1044Қазіргі лауазымы: "Нұр медия" холдингінің басшысы
- Туған жылы: 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.
- Білімі: 1997 жылы Петропавл экономика және құқық колледжін
- 2001 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін
- 2006 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
2004-2009 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2010-2013 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.
2013 ж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.
2014-2016 жж. – «Нұр Отан» орталық аппаратының саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.
2016 жылдың қаңтары – 2018 жылдың мамыры - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2018 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі -Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы.
2019 жылдың 16 сәуірінен - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2022 жылдан бастап "Нұр медия" холдингінің басшысы