Анықтама

Хорошун Сергей Михайлович

1533

Қазіргі лауазымы: ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары


Туған жылы: 1966 жылғы 26 наурыз

Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген.

Білімі: 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.


1990-1995 жылдары – "Целинограджилстрой" ӨҚБ монтаждау легінің аға прорабы, бастығы.


1995-1997 жылдары – Целинная темір жол басқармасы инвестиция және күрделі құрылыс қызметінің инспектор-қабылдаушысы, 

құрылыс бөлімінің инспекторы.


1997-1998 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК Жобалау және күрделі құрылыс басқармасы сапа және қабылдау жұмыстарының инспекторы, «Ақмола темір жолы» РМК күрделі құрылыс қызметінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапа және қабылдау жөніндегі инспекторы.


1998-2000 жылдары – "Горкоммунхоз" МК техникалық қадағалау бөлімінің бастығы, Күрделі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.


2000-2003 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.


2003-2004 жылдары – Астана қаласы «Лига Полис» ЖШС директоры.


2004-2005 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.


2005-2006 жылдары – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.


2006-2010 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.


2010-2019 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.


2019 жылғы 8 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары


«Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен наградталған

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы