Анықтама

Хаменова Бақытгүл Қайржанқызы

1587

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1981 жылы туған

Туған жері: Атырау облысы Атырау қаласында

Білімі: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант;

Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері;

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры.

Филология ғылымдарының кандидаты.


1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.


2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.


2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.


2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.


2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.

2020 жылдан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергелуде, алайда ол әлі әкім орынбасары қызметінен босатылған жоқ.

2022 жылы 15 қарашада сот шешімімен 7 жылға сотталды. Үкім 3 жылдан соң орындалады.


Наградалары: - «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісі (2010 жыл) - ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл) - «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2013 жыл) - «Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2014 жыл) - «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2014 жыл) - «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 жыл) - «KAZENERGY» медалі (2015 жыл) - «Экономика Мақтанышы» ордені (2015 жыл) - "Құрмет" ордені (2017г.)

Екі баласы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы